09.01.2023ж. Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 9б-сыныбында "Болашақ мамандықты таңдаудағы отбасының маңызы" атты ата-аналар жиналысы өтті. Сыныпта 20-оқушы бар. Оның 6 ұл, 14 қыз бала. Теректіден-13, Қаратөбеден-1, Бәйтерек ауданынан-1, Орал қаласынан- 5 оқушы оқиды.
Ата-аналар жиналысына 16-ата ана қатысты. Күн тәртібіндегі біраз мәселелер айтылып, олардың шешу жолдары қарастырылды. "Атын діңгек" ата-аналармен жұмыс(ата-аналар университеті) жобамның негізінде "Мен" сөйлемін пайдаланамыз деген ата-аналарға жазбаша жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ жасөспірімдік кезеңде тіл табысу, жанын түсіну, сырлас-дос болу, қоғамда технология қарқынды дамыған сайын бала өміріне деген қауіп-қатерлер көбейіп бара жатқанын (кибербуллинг, интернет алдаушылары т.б) өмірден дәлелдер келтіре отырып, біраз кеңестер беріліп, ұсыныстар айтылды, қауіпсіздік ережелері көрсетілген арнайы құжаты рәсімделіп, оларды таныстырып, ата-анасының да, баласының да қолдарын қойды. Сонымен қатар бітіруші сынып ретінде аса жауапкершілікті болу керектігі, болашақта таңдаған мамандықтарының оқу пәндері мен қорытынды аттестаттау ережелерімен таныстырылды. Жаңа бұйрық бойынша алдағы уақытта өзгерістер болатындығы да ескертілді.
{gallery}dosbol3/dosbol3.2{/gallery}