Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты 2023-2024 оқу жылына 7-сыныпқа арналған конкурстық негізде қабылдау жариялайды.
Тамыры тереңге жайылған тарихы бар бұл білім ордасы талай шәкірттердің жүрегіне нұр төгіп, қанаттарын қатайтып, түлетіп ұшырды. 2021-2022 оқу жылындағы ҰБТ бойынша гимназия түлектері аламаннан оза шауып, республикада 1-орынды иеленді. Гимназия оқушылары - облыстық, республикалық байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдары республикалық пәндік олимпиадада жоғары нәтиже көрсетіп, «Үздік 100 мектеп» қатарынан ойып тұрып орын алды. Осы уақытқа дейін 231 «Алтын белгі» иегерлері гимназиямыздан түлеп ұшып, түлектеріміз жыл сайын 100% мемлекеттік грантты иеленіп отыр.
Жас шәкірт! Білімнің биік шыңына шығып, замандастарыңмен бәсекеге қабілетті болғың келсе, Абай гимназиясына қош келесің!
Құжаттарды онлайн тіркеу және қабылдау
2023 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында
https://www.qabyldau.daryn.kz/
сілтемесі бойынша өтеді.
Толық ақпарат https://www.qabyldau.daryn.kz/kz/index.php
Қосымша ақпарат:
БҚО, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Советская көшесі, 1а
Жұмыс телефоны: 8-71132-36508
Whatsapp: 87075102235
Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп- имназия- интернатының "Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен 23-26 қаңтар аралығында "Дойбы", "Шахмат" ойындарынан сайыс өтті. Мақсаты - салауатты өмірді ұстануға, әр уақытын тиімді пайдалануға баулу; ептілік, төзімділік қасиеттерге үйрету, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сыныпаралық сайыс нәтижесінде "Дойбы" ойынынан
І орын 7 а-сыныбы Хамидуллина Айым;
ІІ орын 7а-сыныбы Серікбай Арсен;
ІІІ орын 7 а-сыныбы Мәлік Ерхан. Жоғарғы сыныптар бойынша " Дойбы" сайысы
І орын 9 б-сыныбы Азербайқызы Ару,
ІІ орын 10 ә-сыныбы Кайрулла Елшат;
ІІІ орын 10 а-сыныбы Куракбаева Алина марапатталды.
Ал " Шахмат" ойынынан
І орын 8 б-сыныбы Қазиханов Орынбек;
ІІ орын 8 б-сыныбы Мұханбет Шыңғыс;
ІІІ орын 8 а-сыныбы
Дүйсен Сырым;
Жоғарғы сыныптар бойынша І орын 9 а-сыныбы
Тұрсынғали Абылайхан
ІІ орын 10 а-сыныбы Кайрулла Елшат
ІІІ орын 10 а-сыныбы Асет Алмаз марапатталды.Жалпы сайысқа 7-10-сыныптар белсене қатысты. Төрт күнге жалғасқан ойында төреші болған спорт министрі Никанова Алтынайға, " Жас ұлан" ұйым Ұланбасы Онгарбаев Арнурға ризашылығымызды білдіреміз.
@rumcdo_official
@bkobilimbaskarmasy
@oral_bilim
@bqobilim
@jasulan_qz
@darynzko
@aigulmynbaeva
@tulegenova.asylzada
{gallery}dosbol3/dosbol3.4{/gallery}