Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/p.testim.kz/8.p.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/8.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Қанша адамның қаны мен аналардың, бүлдіршіндердің көз жасымен, терімен келген тәуелсіздіктің тарихы Отанын шын сүйетін адамның жүрегін тебірентпей қоймайды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз мына біздің бүгінгі бейбіт, қамсыз өміріміз үшін күресіп келген екен. Қазір бізде олар армандай ғана алған заттардың барлығы да бар. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз бен мүмкіндіктеріміз сол кісілердің арқасында. Батыр жастарымыз, сауатты да рухты зиялыларымыз, тіпті сонау ғасырдағы би-сұлтандар да солардың ішінде.

Барлық кең-байтақ Қазақстанды емес, өзіміздің батысты ғана алып қарайтын болсақ, тарих сахнасында аты алтын әріптермен жазылатын тұлғалар жоқ емес. Майдан даласына өзінің нәзік жаны мен жас екеніне қарамастан, тегі үшін, отбасы мен Отаны үшін өз қалауымен шыққан Мәншүк – сол бейненің айқын мысалы. Мектебіміз қазақтың тарихы мен ұлтымыздың рухын әр оқушының бойына сіңіруге тырысады. Әсіресе, Әлия апайдың бізге беретін тәрбиесі, тарихқа баулу жолындағы жұмыстары ерекше. Соның бірі – кешегі мұражайға саяхат. Мәншүк Мәметованың өзі тұрған үй мен қолы тиген заттарды көзіңмен көргенге ештеңе жетпейді екен! Әрине, бұл батыр арудың мұражайына алғаш баруым емес. Бірақ бұл жолы есейіп, «Үміттің» тәрбиесін көргеннен кейін, әртүрлі әңгімелерді үлкендер аузынан естігеннен кейін қайтадан барған кезде көбірек әсер алдым. Ал «Өлкетану» мұражайына 7-сыныпта да барған едік, осы жолы барғанымызда маған ол жер таныс еді, бірақ әр барған сайын тарих туралы біліміңе байланысты жаңадан келіп тұрғандай сезімде болатынымды түсіндім.

Мұражайларға әр барған сайын көрме, театр, кездесулер секілді мәдени орталар мені өзіне тартып тұрады, соған сай киініп, жүріп-тұруды ұнататынымды ұғамын. Алдағы уақытта басқа да тарих жырын ашатын мәдени ошақтарға барамыз деп ойлаймын. 

10-сынып оқушысы,

Кабенова Жамила 

2022-2023 оқу жылында 7-8 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының гимназияішілік кезеңі 18-қаңтарда ұйымдастырылған болатын. Гимназияішілік кезеңге қатысып, жүлдегер атанған оқушыларымызды марапаттау сәтінен

{gallery}dosbol8{/gallery}