Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/p.testim.kz/8.p.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/8.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

23-27 қаңтар аралығында облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен «Устное народное творчество» (Халық ауыз әдебиеті) тақырыбында апталығы өтті.

23-і күні апталықтың ашылуында орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, бірлестік жетекшісі Кажигалиева Айгуль Тулеугалиевна апта жоспарымен таныстырып, көңілді частушкалар мен орыс тілінде жаңылтпаштармен 8а сынып және 10 ә сынып оқушылары гимназия ұстаздары мен оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Апталық барысында «Менің сүйікті ертегілік кейіпкерім» тақырыбында суреттер сайысы, «Фразеологизмдер суреттер арқылы» тақырыбында қабырға газеттер ілінсе, «Орыс тілің білесің бе?» тақырыбында викторина өтті.

Сонымен қатар пән мұғалімдердің ашық сабақтары : «Талант любви в рассказе Гранатовый браслет»10а сыныбында Исагалиева Айнұр Ерназаровна өткізсе, 7а сыныбында Кажигалиева Айгуль Тулеугалиевна «Дефисноое и слитное написание сложных прилагательных» тақырыбында өтіп, сабақтар өз мақсатына жетті.

Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің сыныптан тыс шаралары жоғары деңгейде өтті.

Исагалиева А.Е «Путешествие в страну фольклора» тақырыбында жалпы орыс халқының халық ауыз әдебиетіне саяхат жасап, оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттырса, келесі күні Кажигаливева А.Т. «Ертегілерде қонақта» тақырыбындағы шарада ертегілер әлеміне саяхат жасап, гимназия мұғалімдері мен оқушылар «Колобок», «История о девочке, которая наступила на хлеб», «Царевна лягушка заманауи бағытындағы қойылымдарын көріп тамашалады. Кеш соңында мұғалімдер мен оқушылар өз ойларымен бөлісіп, алғыстарын айтты. Апталықты 9 сынып оқушыларының «Морозко» ертегісімен аяқталды. Оған жетекшілік еткен Шувалиева К.С.

Апталыққа белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптарға» Алғыс хат» табысталды.

 

 

 

{gallery}dosbol3/dosbol3.5{/gallery}