13.01.23 күні Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатындағы 8а-сынып ата-аналарына ІІ-ші тоқсанды қорытындылау мақсатында сынып жетекшісі Кажигалиева Айгуль Тулеугалиевна жиналыс өткізді.
Айгуль Тулеугалиевна әдеттегідей біздерді жылы жүзімен қарсы алды. Сыныпка кірген сәтте бүгінгі жиналыс өзгеше өтетінін сездік. Себебі стол үстінде тәтті бәліш пен шәй құралы дайын тұрды.
- Өзіміз отырып шәй ішейік-деп күлді апайымыз. Біз қуанып жатырмыз.(Жасыратыны жоқ)
Орынымызга отырып жайғаса бастадық. Бас аяғымыз түгелденген соң, жиналыс та басталды. Сыныптың ата-аналары жүздерімізді танысақ та, бір-бірымізді жақсы тани бермейді екенбіз. Бүгінгі өткен тренинг аркылы жақынырак танысып та алдық.
Жиналыс барысында сынып жетекшісі тоқсан қорытындысымен таныстырып, балаларымыздың жетістіктерін де, өткен тоқсан барысында кеткен кемшіліктерін де айта кетті. Сөз барысында «Оқуға құштар мектеп», «Оқуға құштар отбасы» жобасы бойынша оқылған кітаптары туралы айтылды.
Тәртіп болмай білім болмайды. Сол себепті басты назарды тәртіпке аудару қажет. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, гимназияның ережесіне бағыну керек екендігін де атап өтті.
Ата-аналар жетекшіге жадында жүрген сауалдарын қойып, оған жауаптарын алып, тәтті бәлішпен шәйларын ішіп жиналыстан жақсы көңіл-күймен тарастық. Өзгеше формада өткен жиналыстан шаршамай, жақсы көңіл-күйде тарқастық. Мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты орнату мақсатында өткен бұл жиналыстан жақсы әсермен қайттық.
Айгуль Тулеугалиевнаға еңбегіне жеміс, деніне саулық тілейміз!
8а- сынып ата-анасы Алмагуль Жубанышева
{gallery}dosbol3{/gallery}