Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/p.testim.kz/8.p.testim.kz/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.175): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/p.testim.kz/8.p.testim.kz/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Мектеп-гимназиямызда "Оқуға құштар мектеп" жобасы жалғасын табуда. Кеше, 26-қаңтар кітап сүйер қауым үшін гимназиямыздың 7, 9, 10 - сынып оқушылары "ReadX" қазақ, орыс, ағылшын әдебиетінен оқыған шығармалары мен кітаптары жайында тыңдаушыларымен бөлісіп, оларды оқуға кеңес берді. Шарада әр түрлі жанрдағы әлем әдебиеті шығармалары оқылып, шағын қойылымдар қойылды. Жалпы "ReadX" жобасы- оқырмандардың әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіру мақсатында өткізілгені баршамызға мәлім. "ReadX" - бұл оқырмандарды шабыттандыру алаңы, - дейді ұйымдастырушы, ағылшын тілі пәні мұғалімі Курмаш Жанылсын Куангалиқызы. Бір сағатқа созылған шараның соңы, қатысушы ұстаздар мен оқушылардан құралған көрермендердің білім деңгейін анықтайтын қызықты сұрақтар ойынымен  аяқталды. Сұрақтарға  дұрыс жауап беруде көп ұпай жинаған оқушыға Жанылсын Қуанғалиқызы өз атынан жаңа кітап сыйға тартты. Қорытынды сөз, ұстаздар атынан директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары - Султанов Данияр Амангелдиевичке берілді. Ол: Жақсы кітаптарды оқу, ғаламторда отырып, теледидар қарағаннан көрі әлдеқайда пайда әкелетінін тілге тиек етіп, жастарды кітап оқып трендте болуға шақырды.