Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында аға тәлімгер Д.Жұбатова мен "Мектеп Парламенті" мүшелері Закарина Ш., Онгарбаев А., Серикова А., Сидхан А., Шамокен Ә., Мақсотов Е. мен Никанова А. ұйымдастыруымен 7-10 сыныптар арасында волейбол ойынынан жарыс өтті. Жарыстың өткізілу мақсаты - оқушыларды ұйымшылдыққа баулып, қимыл іс-әрекетке, шапшаңдыққа үйрету. Жартылай финалға көштен озып 7,8-сынып командалары мен 10-сынып шықты. Жарыс нәтижесінде 10 "Ә"сыныбы 1-орын, 8 "А" сыныбы 2-орын, 7-сынып ұлдар командасы 3-орын иеленді. "Дені саудың жаны сау" демекші, спорттық шараларымыз әлі де өз жалғасын табады.
#өзін-өзі басқару
#Дарын
# ЗКО
#өзін_өзібасқару
#школьное_самоуправление
#студенттікпарламен
#студенческийпарламент
#rumcdo_official