Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 7-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Күн тәртібінде: 2022-2023 оқу жылы ішіндегі оқушылармен атқарылған жұмыстардың жарты жылдық есебі, қауіпсіздік ережелері, "Зорлық-зомбылықты болдырмаудың алдын-алу" (психологиялық кеңес).
Ата- аналар жиналысы ашық әңгімелесу, пікірлесу түрінде дөңгелек үстелде талқыланды. Бұл күні ата- аналар екінші оқу тоқсан қорытындысын тыңдай отырып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтар бойынша пән мұғалімдерінен ақпараттар алды. Гимназия директоры Кереева Нұрбөбек Есполовна ата- аналарға жатақхана ахуалына, балалардың бейімделуіне тоқталды. 7а-сыныбының жетекшісі Гүлім Мұратқызы сергіту сәтін өткізіп, 7б-сыныбының жетекшісі Айнур Ерназаровна тоқсан қорытындысы бойынша мәлімет берді. Педагог-психолог Дария Жубатова " Тұрмыстық зорлық- зомбылық баланың психоэмоционалды дамуына әсері" тақырыбында кеңес берді.
Бұл күнгі жиналысқа пән мұғалімдері Наурызғалиева К.А., Бердибекова Ж.Ж., Абдрахманова А.О., Шамұратова Б.А., Бейбит Т.Б., Хадер
М.А. қатысып ата- ана сұрағына балалар білім деңгейі туралы ақпарат берді.
Жиналыс соңында ата- аналар өз ұсыныстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.